«Өнер және білім» факультеті «EduCampShym» оқу лагерін қарсы алды
«EduCampShym» оқу лагері бүгін университетіміздің «Өнер және білім» факультетінде жалғасты. Факультет бүгінде студенттерді кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері, музыкалық білім, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы мамандықтарына даярлайды.
Оқушылар назарына алдымен музыкалық білім кафедрасының студенттері дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылып, халық әндері мен күйлері тыңдалды. Бұдан кейін суретшілер мен қолөнершілердің көрмесі, шеберханасы таныстырылды. Жүннен жасалған бұйымдарды жаңа технологиямен дайындау әдісі бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Ал, мектепке дейінгі педагогика кабинетінде ертегі қойылымы мен арт терапия кабинетінде шеберлік сағаты көрсетілді.
Ұсынылған өнер түрлері оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығын оятып, әдемі әсер алды. Факультет деканы Айдайқыз Байбатшаева жазғы лагерьге келушілерге Zhanibekov University туралы толық ақпарат беріп, кәсіби бағыт-бағдар сілтеді.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!