СЕССИЯДА АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ТАЛАПТАРЫ САҚТАЛДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да 19–31 мамыр аралығында 1 курс студенттері үшін емтихан сессиясы өтті. Бұл кезеңде академиялық этиканы сақтау талаптарының орындалуын университеттің комплаенс-офицері Қайрат Амитов қадағалады.
Комплаенс-офицер емтихан өткізу тәртібінің сақталуын бақылап, оқытушылармен және студенттермен тығыз байланыс орнатты, сондай-ақ академиялық адалдық пен білім беру ортасындағы мінез-құлық этикасына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
-Сессия барысында комплаенс-қызметінің негізгі бағыттары қамтыды:
-Академиялық алаяқтықтың алдын алу (шпаргалка қолдану, көшіріп жазу, тұлғаларды алмастыру және т.б.);
-Білімді бағалау рәсімдерінің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету;
-Студенттерде академиялық этика нормаларын сақтаудың маңыздылығы туралы тұрақты түсінік қалыптастыру;
-Мүдделер қақтығысына және бағалаудағы біржақтылыққа жол бермеу.
Сессия қорытындысы бойынша академиялық тәртіп бұзушылық тіркелмеді. Комплаенс-офицер ұйымдастырушылық деңгейдің жоғары болғанын, сондай-ақ студенттердің жауапкершілікпен және саналы түрде қатысқанын атап өтті:
«Академиялық адалдықты сақтау — сапалы білім берудің іргетасы. Студенттердің этикалық ойлауын алғашқы курстан қалыптастыру — баршамыздың ортақ міндетіміз. Бүгінгі оң нәтижелер осы бағыттағы жұмыстың маңыздылығын дәлелдейді» дейді маман.
Сессияның комплаенс-офицердің қатысуымен өткізілуі университеттің этика, ашықтық және есептілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған кешенді көзқарасы деуге болады.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!