ЕГДЕ ЖАСТА ДА САНДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА МҮМКІНДІК БАР
Бүгінгі таңда «Күміс университет» жобасы аясында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде сандық сауаттылықты арттыру, интернет және мобильді құрылғылар сияқты цифрлық технологияларды тиімді пайдалануға көмектесетін «Компьютерлік және цифрлық сауаттылық» курсы ұйымдастырылған. Аталмыш бағдарламада 17 тыңдаушы білім алуда. Курс тыңдаушылары цифрлық заманда электрондық қызметтерді үйден шықпай-ақ, өз бетінше алуға дағдылануға үйренеді. Сонымен қатар, жасанды интеллект, әлеуметтік желілер мен мобильді қосымшаларды меңгереді.
Тыңдаушылардың орта жасы – алпыс жас.
58 жастағы білім алушылардың бірі Фарида Мұсаева жайлы өмір сүру үшін цифрлық дағдыларды игерудің маңыздылығы туралы айтып өтті. 68 жастағы 9 немере, 1 шөберенің әжесі Әнгелекова Ажар қарттығына қарамастан партаға отырып, жаңа білім алып және жастармен тең болу мүмкіндігіне ие болғандығына қуанышты.
Оқу орнымызда одан бөлек «Шешендік өнер және харизма», «Основы красноречия», «Result and success», «Speaking English», «Адам денсаулығының физикасы», «Компьютерлік және цифрлық сауаттылық», «Психология», «Балаларды ерте жастан дамыту», «Ата-әжелер мектебі», «Өлке тарихының экскурсоводы», «Музыкалық аспап», «Креативті өнер», «Омыртқа жотасының иілгіштігін қалпына келтіруге арналған емдік дене шынықтыру» бағыттары бойынша да курстар жұмыс жасайды. Курс тыңдаушысы зейнеткерлік жастағы кез келген азамат бола алады. Оқуға қабылдану үшін университет басшысының атына жазбаша өтініш жазады.
Күміс университеттегі оқу жылы 1 қыркүйектен 1 маусымға дейінгі кезеңді қамтиды. Сабақтар аптасына 2 рет кестеге сәйкес жүргізіледі. Бір сабақтың ұзақтығы 1-2 академиялық сағатты құрайтынын да айта кеткен жөн. Оқу курсының ұзақтығы бағдарламаға сәйкес анықталады. «Күміс университет» жобасы жұмысына Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ оқытушылары, мамандары, сондай-ақ серіктес ұйымдар тартылады. Осы ретте айта кететін тағы бір мәселе бар. Бір тыңдаушы бірнеше курстарға қатар жазыла алады. Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін тыңдаушыға тиісті бағыт бойынша оқығаны туралы сертификат беріледі.
Осыған ұқсас
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ