ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ «EDUCAMPSHYM» ОҚУ ЛАГЕРІНЕ ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
«EduCampShym» оқу лагеріне келушілерге бүгінгі танымдық саяхатты тарих және педагогика факультеті ұйымдастырды. Оқушыларға әр кафедра туралы деректерді меңгерушілер баяндап берді.
Демалушыларға әсіресе, арнайы педагогика кафедрасы дайындаған таныстырылым қызықты және әсерлі болды. Студенттер өздерінің мамандықтарының ерекшелігі мен арнайы педагогиканың бүгінгі қоғамдағы маңыздылығына тоқталды. Арнайы жаттығулар арқылы ерекше балалармен жұмыс істеудің қиындығы мен нәтижелерін бөлісті.
Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек оқушыларға университет туралы баяндап, сәтті демалыс тіледі. Қатысушылар «Шаңырақ» ғимаратының фойесіндегі археологиялық жәдігерлермен танысты.
Жас өрендер сондай-ақ, 31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты тарихшы-зерттеушілермен кездесіп, жазықсыз жапа шеккендердің өмір тарихы мен ел үшін атқарған ерен еңбектері туралы деректерді тыңдады.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!