СТУДЕНТТЕР МЕН ҰСТАЗДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТ ӘНҰРАНЫН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ОРЫНДАДЫ
🇰🇿 25 Қазан – Республика күні 🇰🇿
Бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Республика күніне орай, мерекені ұлықтау мақсатында университетіміздің белсенді студенттері, басқарма мүшелері, оқытушы-профессорлар құрамы мен бөлім басшылары бірігіп, еліміздің мемлекеттік әнұранын салтанатты түрде орындады.
Бұл ерекше іс-шараның басты мақсаты – біздің халқымыздың егемендігі мен тәуелсіздігін айшықтайтын құндылықтарды дәріптеу, патриоттық рухты нығайту, жас ұрпаққа Отанға деген махаббатты сіңіру. Әнұранды орындау – халқымыздың бірлігі мен елдігінің көрінісі.
🔹 Осы челленджді қолдап, басқарма төрағасы - Ректордың міндетін атқарушы Гүлжан Дәулетбекқызы Шымкенттегі басқа жоғары оқу орындарына жолдады. Еліміздің әрбір оқу орнында осындай рухты шаралар жалғасын табатынына сенімдіміз!
Барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаймыз! Атаулы күн – біздің егемендігіміздің жарқын символы!
Similar
ZHANIBEKOV UNIVERSITY ADMITTED TO ACADEMIC INTEGRITY LEAGUE
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
FAIR OF ORGANIZATIONS AND CLUBS HELD
PROFESSOR FROM UNIVERSITI MALAYSIA SABAH DELIVERS LECTURE
HIGHER EDUCATION WORKERS HONORED
NEW STUDENT CANTEEN OPENS IN THE NEW BUILDING
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
HONORING WORKING PEOPLE
ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА АЛҒАШҚЫ САБАҚ БАСТАЛДЫ