ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «АКАДЕМИК ТӨЛЕГЕН ТӘЖІБАЕВ: ӨМІР ЖОЛЫ МЕН ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
11 October 2024, 17:42
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Академик Төлеген Тәжібаев: Өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Төлеген Тәжібаев — қазақтың тұңғыш психолог ғалымы, қоғам және мемлекет қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-і Ғылым академиясының академигі. Атаулы шара Шымкенттегі Т. Тәжібаев пен Д.Қонаев көшелерінің қиылысында Төлеген Тәжібаевқа арналған ескерткіштің салтанатты ашылуымен басталды.
Университеттің «Қазақстан» мәжіліс залында өткен конференцияны Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек құттықтау сөзбен ашты. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма мүшесі—Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек академиктің өмір жолы мен қызметі туралы мазмұнды әрі нақты таныстырылым жасады. Төлеген Тәжібаевтың мұраларын зерттеуге 40 жыл ғұмырын арнаған төл шәкірті, бүгінде 91 жастағы профессор Жолмұхан Түркпенов өткен күндер естелігінен сыр шертті. Ол қазақтың қайраткер ұлының білімі мен парасатына ғана емес, адамға қамқор үлкен жүрек иесі болғандығына ерекше тоқталды.
Бекет Тұрғараев, Алмасбек Мәуленов сияқты зерттеушілер «Ұлыларды ұлықтау —ұрпаққа парыз», «Төлеген Тәжібаевтың педагогикалық зерттеулеріндегі Абай тақырыбы» атты баяндамаларын көпшілік назарына ұсынды. Ал, №47 Т.Тәжібаев атындағы мектеп директоры Ақмарал Омарова мен Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы отбасылық балалар ауылының директоры Меруерт Сүйіндікованың «Біздің үйдің жұлдызы» баяндамасы да конференция мұрағатына қосылған құнды еңбек болып қалмақ.
Жиында Төлеген Тәжібаевқа арналған кітап көрмесі ұсынылды. Сондай-ақ, филология ғылымдарының докторы, профессор Алмасбек Мәуленовтің «Академик Төлеген Тәжібаев» атты жинағының тұсауы кесіліп, оқырманға үлестірілді. «Төлеген Тәжібаев — қазақ психологиясы, саяси мемлекеттік жүйесі мен педагогикасындағы құбылыс. Сондықтан оны зерттеу аясы тек қана филологтардың шеңберінен асып түседі» дейді жиынға түйін қойған көзіқарақты қауым.
Similar
ZHANIBEKOV UNIVERSITY ADMITTED TO ACADEMIC INTEGRITY LEAGUE
12 October 2026, 18:37
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
9 October 2026, 10:30
FAIR OF ORGANIZATIONS AND CLUBS HELD
7 October 2026, 16:21
PROFESSOR FROM UNIVERSITI MALAYSIA SABAH DELIVERS LECTURE
6 October 2026, 14:28
HIGHER EDUCATION WORKERS HONORED
5 October 2026, 18:41
NEW STUDENT CANTEEN OPENS IN THE NEW BUILDING
5 October 2026, 12:58
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
5 October 2026, 09:57
HONORING WORKING PEOPLE
2 October 2026, 16:10
ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА АЛҒАШҚЫ САБАҚ БАСТАЛДЫ
1 October 2026, 17:12
ЖӘНІБЕКОВ СТУДЕНТІ — ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ!
1 October 2026, 15:14