«JANA QADAM» СТУДЕНТТЕРГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ — (II)
Қаладағы «Арман» мейрамханасында өткен салтанатты сауық кешінде барлық факультеттің өнерпаз студенттері концерттік бағдарламаға қатысты.
«Жұлдызым», «Гүлім», «Жүрек көнбейді», «Lolly» сияқты әндер жастарды би ырғағына жетелеп, көңіл-күйлерін көтерді.
Кештің көрігін қыздырған басты жұлдызды қонақ Ғазизхан Шекербек болды! «Мен сені сағындым», «Сезім үшін» тағы басқа әндерді шырқаған эстрада әншісімен жастар қосыла шырқап, би биледі.
Арнау кешінде ойнатылған ойындар да тек қызыққа ғана емес, мәнге құрылғандай. Экрандағы қазақтың танымал тұлғалары бейнесін жасырған ойын жастарға нағыз қажет сайыс болды. Ал, би жарысында жігіттер қыздарға дес бермеді. Жеңімпаздарға үлестірілген сыйлықтың да құны бағалы. Жүлдегерлер ағылшын тілін үйренуге арналған курс сертификатын, кітаптар мен тұрмыстық қажетті бұйымдарды иеленді.
Кештің басты серіктестері — Kcell және Aqua Rossa компаниясының мамандары өнімдерін таныстырды.
Арнау кештің соңы дискотекаға жалғасты.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!