«ОТБАСЫ — ҰЛТ ТІРЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Отбасы — ұлт тірегі» тақырыбында студент жастармен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты жастарға отбасы құндылығы, ұлттық тәрбиенің маңызын түсіндіруге арналды. «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Аружан Әлжан, Назарбаев университетінің профессоры, «InterPress Ih» халықаралық тілдер орталығының директоры–комиссия төрағасының орынбасары Ардақжан Жәкенова, Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Жаңыл Спанова студенттерге жастар тәрбиесі туралы кәсіби пікір білдірді.
Кездесуді университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы, ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева жүргізіп, студенттерге өзінің өмірлік және педагогтік тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, тақырыптың мәнін ашты.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!