ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ ТҰҢҒЫШ РЕТ АТАП ӨТІЛДІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде биыл алғаш рет 1-қазан Жоғары білім қызметкерлері күні аталып өтті. Мереке аясында күрделі жөндеуден өткен ғылыми кітапханаға көрнекті шығыстанушы ғалым Әбсаттар Дербісәлінің аты берілді. Жаңарған ғимараттың лентасын Мемлекет және қоғам қайраткері, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Директорлар кеңесінің төрағасы Оразалы Сәбден, университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева, Әбсаттар Дербісәлінің жұбайы Рафия Бәкірқызы қиды. Медиаорталықтың арнайы дайындалған видеоролигі назарға ұсынылып, қатысушылар шығыс руханиятына ерекше еңбегі сіңген жан туралы ой толғады.
Бұдан кейін университет ұжымы «Қазақстан» залында өткен концерттік шараға қатысты. Концерттік бағдарлама ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау видеосымен ашылды. Жоғары білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген оқытушы-педагог, ғалымдар «Ахмет Байтұрсынұлы», «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі мен бірнеше марапаттарды иеленіп, «Құрметті профессор» атағын иеленді. Астана Қарғабай, Үралхан Сейілбекова сияқты белгілі өнерпаздар мен студенттер өнері көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!