ТАТАМИДЕГІ ТҰҒЫР: КАРАТЭШІ ҚЫЗДАРЫМЫЗ УНИВЕРСИТЕТТЕР АРАСЫНДА — БІРІНШІ!
Түркістан қаласында ҚР жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары студенттері арасындағы XІIІ жазғы универсиада өтті. Аталмыш сайыста Zhanibekov University қыздар құрама командасы 1-орынды жеңіп алды!
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті ұйымдастырған сайыста университет спортшылары осылай биіктен көрінді!
Жалпы сайысқа «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» кафедрасының профессоры М. Темірханов пен «Тұран» спорт клубының басшысы Е.Балабаев баптаған ұлдар мен қыздар қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Жарыс нәтижесінде 4-алтын, 2-күміс, 4- қола медаль иеленді. Еліміздің беделді университеттері қатысқан сайыста намысты қолдан бермеген қыздарымыз үшін мақтанамыз!
Біздің жеңімпаздарымыз: Досан Қаныбек, Сейілбек Әсет, Әли Зайндин, Жәудір Ермекбай, Жанерке Ерназарова, Меруерт Әбен, Кәмшат Сәтбаева, Әнел Баймахан, Баян Жарылқасын. Құттықтаймыз!
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!