«АЭС: өзекті мәселелерді шешу жолы» тақырыбында лекция жиыны өтті
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «АЭС: өзекті мәселелерді шешу жолы» тақырыбында лекция жиыны өтті.
Жиынға Шымкент қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топ төрайымы мен мүшелері, аға оқытушылар, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлері, белсенді студенттер қатысты. Университеттің Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Шымкент қалалық ҚХА Ғылыми-сарапшылық топ төрайымының орынбасары Қайрат Анарбаев АЭС салу жөніндегі бастама еліміздің дамуына серпін беретін жоба екенін жастарға түсіндірді.
«Әділетті Қазақстанды құру жолындағы ауқымды реформалар» тақырыбында Шымкент қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі С. Қорғанова, «АЭС - жасыл экологияға жол» тақырыбында биология ғылымдарының кандидаты, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ профессоры, Біріккен Ұлттар Ұйымының Экология және Тіршілік қауіпсіздігі Халықаралық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Халима Сартаева, физика-математика ғылымының докторы Төребай Тұрманбеков сөз сөйлеп, белсенді студенттер өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Жиын соңында қатысушылар Атом электр станциясын салу бойынша жалпыұлттық референдумға қатысып, қолдау білдіретіндерін жеткізді.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!