МАМАНДЫҒЫНАН МӘН ТАПҚАН МАМАЕВ
Лес Мамаев — Қазақ ССР ағарту саласының озық қызметкері, профессор, Кеңес Одағы халық ағарту ісінің үздігі, 15 ғылыми еңбек пен жоғары оқу орындарының студенттері үшін жазылған көптеген оқу-әдістемелік құралдары мен ғылыми мақалалардың авторы. Алғашқы еңбек жолын Шымкент педагогикалық институтының жоғары математика кафедрасында оқытушы болудан бастап, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан болып қызмет етті. Жастарды тәрбиелеуге үлкен жауапкершілікпен қараған ұстаз.
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде белгілі профессордың атына арнайы дәрісхана ашылды. Салтанатты рәсімде университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін уақытша атқарушы Гүлжан Сүгірбаева құттықтау сөз сөйлеп, құрметті қонақтармен бірге аудиторияның лентасын қиды. Лес Мамаевтың туған-туыстары мен әріптестері естеліктерімен бөлісті. Физика-математика факультетінің студенттері қазақ күйлерін домбырамен нақышына келтіре орындады.
Жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жабдықтармен қамтылған №246 дәрісханада физика-математика факультетінің студенттері білім алады.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!