АҒЫЛШЫНША ҮЙРЕТЕДІ, ҚАЗАҚШАНЫ ҮЙРЕНЕДІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде ағылшын тілін енді АҚШ-тан келген арнайы маман Ишанпепе Джагуса оқытады. Бүгін университетте алғашқы жұмыс күнін бастаған өкіл оқу орнымен, қазақстандық әріптестерімен танысты.
Шетелдік ассистенттің студенттерге дәріс оқуына АҚШ Бас консулдығы ынталылық танытып, Фулбрайт бағдарламасы арқылы арнайы іріктеу арқылы жіберуде. Ол университетте студенттер мен оқытушыларға бір жыл бойы ағылшын тілін үйретіп қана қоймай, халықаралық ынтымақтастық, білім беру және мәдени қатынасқа бағытталған түрлі шараларға қатыспақ.
АҚШ Бас консулдығы қазір бұл бағытта ауқымды жобаларды жүзеге асырып, шетелде ағылшын тілін үйренем деушілерге де көптеген мүмкіндіктер жасауда. Бұл туралы елшіліктің Қоғамдық дипломатия бөлімінің ағылшын тілі бағдарламаларының координаторы Айгүл Тайтелиева университет проректорларымен кездесуде кеңінен тоқталды. Басқарма мүшесі—Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек жауапты мамандарға бұл мүмкіндікті мүлт жібермей, алдағы уақытта түсіндіру және ұйымдастыру жұмыстарына арналған шара өткізуді тапсырды. Ал, Ишанпепе Джагуса ағылшынша оқытып, өзі де қазақ тілін үйренуге құлшыныс танытып отыр.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!