«Қызылкөл тарихи-мәдени аймағында» стационарлық қазба жұмыстары жүргізілді
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Н. П. Подушкин атындағы археология орталығының басшысы т. ғ. д., профессор А. Н. Подушкин жетекшілігімен Созақ ауданы, Құмкент ауылдық округіне қарасты, Қызылкөл ауылындағы «Қызылкөл тарихи-мәдени аймағында» стационарлық қазба жұмыстары жүргізілді.
Биыл археологиялық қазба жұмыстарына университет орталығының қызметкерлерінен бөлек, «Ордабасы» ұлттық тарихи -мәдени қорығының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музей қызметкерлері де қатысты.
Қызылкөл ауылында ерте кезең, яғни палеолиттік еңбек құралдарынан орта ғасырға дейінгі жәдігерлер кездеседі. Сонымен қатар қаңлы кезеңіне қарасты Шошақтөбе зооростризмдік ғибадатханасы мен жерлеу орындары сағаналары бар. Сағаналар негізінен пақса және кірпішпен қаланып және бесік тәрізді пішіндес болып келеді.
Қорғандар сол замандарда бірнеше рет тоналған. Шошақтөбедегі ғибадатхана күннің шуағы тәрізді келген, ғибадатхана таспен қаланған Қазақстандағы жалғыз нысан болуы мүмкін. А.Н.Подушкин тек қазба жұмыстарымен айналысып қоймай, сол өңірдің тарихын насихаттау мақсатында жергілікті мектептерде дәстүрлі түрде дәріс оқып келеді. Бұл жолы Қызылкөл ауылында орналасқан М. Әуезов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінде "Қызылкөл тарихы" атты тақырыбында дәрісін оқыды.
Дәріс барысында мектеп оқушылары сұрақ қойып, қанағаттанарлықтай жауаптар алды. Және дәрісте айтылған мәліметтерге дәлелретінде, әрі заттай дерек ретінде оқушыларға арнап биылғы маусымда табылған жәдігерлермен көрме қойылды. Өз елді мекенінің тарихын біліп, көне жәдігерлерді қолымен ұстап көрген оқушылардың өлке тарихының ескерткіштеріне экскурсия ұйымдастырылды.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!