ZHANIBEKOV UNIVERSITY-де “ЖАЗҒЫ МЕКТЕП” БАСТАЛДЫ
Университетімізде Академиялық істер
департаментінің жетекшілігімен «Жазғы мектеп-2025» аясында «Құзыреттілікке
негізделген білім беру және ғылыми зерттеулер» тақырыбындағы оқыту семинары
басталды.
Семинардың алғашқы күні Академиялық
артықшылық және коммерциализация орталығының басшысы Руслан Бәріқұлов
«Әдебиеттерге шолу және библиометрия түсінігі» тақырыбындағы өз тәжірибесімен
бөлісті. Семинарда ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудегі бастапқы әрі шешуші
кезеңдердің бірі болатын әдебиеттерге жүйелі талдау жасау үдерісіне және заманауи
библиометриялық әдістердің мәні туралы қарастырылды. Әдеби шолудың құрылымы мен
түрлері, шолу жазудың әдістемелік қадамдары және дереккөздерді таңдауда
қойылатын талаптар кеңінен қарастырылды.
Сонымен қатар, библиометрия — ғылым
саласындағы жарияланымдарды сандық тұрғыдан талдаудың тәсілі ретінде сипатталды.
Мұнда дәйексөз келтіру жиілігі, импакт-фактор, Хирш индексі сынды
көрсеткіштердің мазмұны мен оларды талдаудың жолдары түсіндірілді.
Библиометриялық көрсеткіштер ғылыми еңбектің сапасы мен әсерін бағалауда,
зерттеушінің ғылыми белсенділігін анықтауда және ғылымның дамуын бақылауда
кеңінен қолданылады.
Айтылған мағлұматтар жас ғалымдар,
магистранттар мен докторанттар үшін зерттеу жұмысын бастауға әдістемелік негіз
ұсынуға бағытталған. Сонымен қатар, ғылыми басылымдармен жұмыс жасау, заманауи
дерекқорларды пайдалану, және библиометриялық құралдар арқылы ғылыми
нәтижелерді талдау дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Семинар мазмұнының
нәтижесі зерттеу мәдениетін жетілдіруге, ғылыми сауаттылықты арттыруға және
сапалы ғылыми еңбек жазуға септігін тигізеді.
Осыған ұқсас
Хабарландыру 15.09.2026
МЕРИТОКРАТИЯ: БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС ӨТТІ
АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫМЕН БІРЛЕСКЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«ОТБАСЫ ҚҰРУҒА ДАЙЫНСЫҢ БА?» СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ – COURSERA ЖОБАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫ ҚАТАРЫНДА!
«КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» АЯСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРА ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮШІН СТУДЕНТТЕРДЕН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ
20 ЖАС ҒАЛЫМ РЕКТОР ГРАНТЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ