ДАНИАЛ — АЙТЫС ЖЕҢІМПАЗЫ!
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық
университетінде, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының Хореография
және арт-менеджмент кафедрасы ұйымдастыруымен
«БІЛІМДІ ҚЫЗДАР – ҰЛТТЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ» атты
Халықаралық студенттік ақындар айтысы өтті.
Бұл дүбірлі додаға еліміздің
түкпір-түкпірінен келген жас дарындар – суырыпсалма өнердің саңлақтары қатысып,
сөз маржанын теріп, жыр додасында бақ сынады.
Айтыс барысында ақындар тек өнер
жарысына түсіп қана қоймай, ұлттың болмысы, қыз тәрбиесі, білімнің мәні мен
қоғамдағы әйелдің орны жайлы өзекті ойларын өрнекті сөзбен жеткізе білді.
Қазылар алқасының құрамында айтыс
өнерінің майталмандары мен профессорлық-оқытушылық құрам өкілдері болды.
Тартысты сөз додасында Өзбекәлі
Жәнібеков атындағы ОҚПУ филология факультетінің білім алушысы, жас айтыскер
ақын Даниал Болысбек жүлделі I орынды жеңіп алды.
Жеңімпазды университет Басқарма
төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева қабылдап құттықтады. Оқу
орнының ұлттық өнерге қолдауы, жергілікті жас айтыскерлерге тұрақты қамқорлығы
туралы айтты. Бұл жеңіс — ел рухын көтерген жыр додасының, ұлттық өнерге деген
сүйіспеншілік пен рухани сабақтастықтың жарқын көрінісі.
Осыған ұқсас
Конкурс. 31.12.2025
КЕЗЕКТІ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
ҚОС МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КОНЦЕРТ ӨТТІ
ДӘСТҮРТАНУ ПӘНІН МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНА ЕНГІЗУДІ ҰСЫНДЫ
ХАБАРЛАНДЫРУ 05.05.2026
ӘСКЕРИ КАФЕДРА ТҮЛЕКТЕРІНІҢ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ
Хабарландыру. 04.05.2026
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТКІЗІЛДІ
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ МЕН МҰҒАЛІМДЕРДІ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ