ПИЛОТТЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫҢ АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІНЕ СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ
Жоғары білім беру жүйесінде жаңашыл
бағыттарды енгізу – уақыт талабы. Осы мақсатта жүзеге асырылған AP19677375
«Орта білім беруді цифрландыру жағдайында болашақ жаратылыстану пәндер
мұғалімдерінің STEM-құзыреттерін қалыптастыру» атты гранттық жоба аясында білім
беру бағдарламасына енгізілген STEM Minor бағдарламасы өз нәтижесін бере
бастады.
Жоба шеңберінде пилоттық режимде білім
алған алғашқы студенттер тобы «STEM-білім берудегі инжиниринг негіздері» пәнін
сәтті аяқтап, ресми түрде сертификаттарға ие болды. Салтанатты шараны Басқарма
мүшесі-Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Айнаш Құдышева ашып,
студенттерді шын жүректен құттықтады.
Айнаш Амангелдіқызы өз сөзінде
STEM-білім берудің қазіргі білім жүйесіндегі маңызын атап өтіп, болашақта орта
білім берудің оқу бағдарламасына STEM-бағытындағы өзгерістер енгізілетінін
жеткізді. Оның айтуынша, бұл жаңалық болашақ мұғалімдердің ғылыми-техникалық
әлеуетін арттырып қана қоймай, мектептегі оқу сапасын да жаңа деңгейге
көтермек.
Жоба жетекшісі Хадиша Әбдірахманова,
жоба мүшелері – Бибігүл Шағраева және Э.Жаппарбергенова студенттердің жоба аясындағы
белсенділігі мен креативті ойлау қабілетін атап өтті. Шара барысында оқытушылар
мен студенттер пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды. Пилоттық жобаның
нәтижесі – тек студенттер жетістігі емес, сонымен қатар отандық білім беру
жүйесін дамытуға бағытталған маңызды қадам.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!