ZHANIBEKOV UNIVERSITY –не ҚОҒАМДЫҚ ҚОРДАН 15 ГРАНТ БӨЛІНДІ
7 Тамыз 2025, 17:28
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-ға «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан 2025-2026 оқу жылына арнап 15 грант бөлінді. Бағдарлама шарты негізінде білім беру грантына мынадай санаттағы талапкерлер үміткер бола алады:
— ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар;
—жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
—мүгедектігі бар азаматтар;
—мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар;
—2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;
—2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жарақат алған балалар.
Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.
Білім беру гранты бір реттік тәртіппен атаулы грант негізінде ұсынылады. Бұл грант жоғары білімі бар тұлғаларға, сондай-ақ республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен "бакалавр" дәрежесін алу үшін мемлекеттік білім беру гранты тағайындалған тұлғаларға екінші жоғары білім алуға және онлайн-оқуға берілмейді.
Грант тағайындалатын үміткерлердің тізімін ЖЖОКБҰ/Филиал ағымдағы күнтізбелік жылы ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша оқуға түсу үшін қажетті шекті балын жинаған (оның ішінде шығармашылық емтихандарды ескере отырып) талапкерлер қатарынан құрайды. Тізім жоғары оқу орнының немесе Филиалдың конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасы түрінде рәсімделеді.
Айта кетелік, 2025-2026 оқу жылында "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры "Қазақстан халқына" ҚҚ Білім беру гранттары" қайырымдылық бағдарламасы аясында талапкерлерге жоғары оқу орындарында оқуға 500 білім беру грантын бөлді.
Осыған ұқсас
Конкурс. 31.12.2025
13 Мамыр 2026, 16:20
КЕЗЕКТІ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
8 Мамыр 2026, 11:29
ҚОС МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КОНЦЕРТ ӨТТІ
6 Мамыр 2026, 15:34
ДӘСТҮРТАНУ ПӘНІН МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНА ЕНГІЗУДІ ҰСЫНДЫ
5 Мамыр 2026, 16:39
ХАБАРЛАНДЫРУ 05.05.2026
5 Мамыр 2026, 16:24
ӘСКЕРИ КАФЕДРА ТҮЛЕКТЕРІНІҢ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ
4 Мамыр 2026, 13:42
Хабарландыру. 04.05.2026
4 Мамыр 2026, 12:49
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТКІЗІЛДІ
27 Сәуір 2026, 15:20
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ МЕН МҰҒАЛІМДЕРДІ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ
24 Сәуір 2026, 12:14
ӨҢІРЛІК ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ: СТУДЕНТТЕРГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК
24 Сәуір 2026, 09:06