УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТЫҢДАП, ТАЛДАДЫ
УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН
ТЫҢДАП, ТАЛДАДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ұжымы
бүгін ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын тыңдады. «Қазақстан»
мәжіліс залында өткен жиынға оқытушы-профессорлар қауымы мен студенттер
қатысты.
Мемлекет басшысының Жолдауды әлемдегі
геосаяси жағдайдың күрделігімен бастауы жоғары білім саласының өкілдерін де
ойландырады. Өйткені, бүгінде халықаралық қатынас пен әріптестік ынтымақтастық
аталмыш салада қарқынды жүзеге асуда. Әлемдегі түрлі ахуалдарға қарамай, шет
мемлекеттердің іргелі оқу орындарымен келіссөздер жүргізу жастардың жаһандық
бәсекеге қабілетті болуына жол ашпақ.
Жасанды интеллект министрлігін құру,
шетелде жүрген білікті мамандарды елге қайтару, оларға жағдай жасау туралы
Президент бастамасын университет ұжымы қызу қолдап, қуаттады. Бүгінде жасанды
интеллект саласындағы зерттеулермен Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ғалымдары
да айналысуда. Қаржыландыру көлемі 1 000 000 000 астам теңгені құрайтын
мемлекеттік грант тақырыбы арасында ЖИ, ауыл мектептерін дамыту, тағы да басқа
зерттеулер бар.
— Президент Жолдауы әдеттегідей өмірмен
бітеқайнасып жатыр. Пафосты емес, нақты өмірімізді құруға арналған Жолдау
болды, — дейді университет ұжымы.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!