СЕМИНАР БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да
1-курс студенттеріне арналған таныстыру семинары өтті. Семинардың басты мақсаты
— білім алушыларға жоғары білім беру жүйесінде кәсіби жауапкершілік
ұстанымдарын қалыптастыру, академиялық адалдық принциптерін түсіндіру,
кредиттік технологиялардың тиімді мүмкіндіктерін пайдалану дағдыларын дамыту.
Семинарда Академиялық істер жөніндегі
проректор Жанбол Жылбаев маңызды мәліметтерге тоқталып ҚР Президенті
Қ.Тоқаевтың күні кеше халыққа арнаған Жолдауындағы цифрлық білім мен
инновацияға ілесуге, оқу процесінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект
саласын білім беру бағдарламалары арқылы менгерілетінін атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
бойынша комплаенс-офицер Қайрат Амитов академиялық адалдықтың маңызы мен
талаптарын нақты мысалдармен түсіндірді. Ал, академиялық істер департаментінің
басшысы Дәулетбай Бердалиев университет сайтына орналастырылған студенттерге
арналған қажетті нормативтік құқықтық актілер мен кредиттік технологияның
мүмкіндіктеріне тоқталды.
Оқу процесінің цифрлық және әдістемелік
қамтамасыздандыру бөлімінің басшысы Гүлмира Есентөреева білім алушылардың
болашақ кәсіби өмірінде аса қажет болатын қаржылық сауаттылық негіздерін
меңгерудің және заманауи жасанды интеллект курстарын игерудің маңыздылығына тоқталып,
олардың білім алушыларға жаңа мүмкіндіктер беретінін айтты. Іс-шара 1 курс
білім алушыларына жоғары білімнің негізгі қағидалары мен цифрлық білім беру
бағытындағы жаңа мүмкіндіктерге сенімді әрі жауапты қадам басуға көмектесетін
маңызды бастама болды.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!