ПЕДАГОГТІК ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
ZHANIBEKOV UNIVERSITY-де педагогтік
қайта даярлау курсының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Басқарма мүшесі –
Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Жамбол Жылбаев қатысып,
тыңдаушылармен арнайы жүздесті. Ол курстың маңыздылығына тоқталып, жаңа мамандық
игеру жолындағы алғашқы қадамдарына сәттілік тіледі.
Проректор алдағы алты ай ішінде теория
мен практиканы ұштастыра отырып, кәсіби тұрғыда білікті маман атануға зор
мүмкіндік берілетінін атап өтті. Тыңдаушыларға табыс тілеп, алдағы оқу
сапарының жемісті болуына ниеттестік білдірді.
Айта кетелік, Педагогикалық қайта
даярлау бағдарламасы педагогикалық білімі жоқ, бірақ мектептерде сабақ бергісі
келетін адамдарға арналған. Бағдарламаға жоғары білімі бар адамдар жазыла
алады. Былтырғы оқу жылында курсты барлығы 33 тыңдаушы аяқтап, олар
педагогиканың заманауи бағыттары, оқыту әдістемелері, білім беру технологиялары
мен жаңартылған білім мазмұнына сай кәсіби білім алған болатын.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!