ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
26 Қыркүйек 2025, 16:26
Медиа Орталық
Zhanibekov University–не Түркияның Гази университетінен келген ресми делегация жұмысы жалғасуда. Бүгін қос тарап осы сапар аясында филиал жұмысын реттейтін екі жақты келісім шартқа қол қойды. Ресми кездесуге түркиялық серіктес әріптестермен бірге Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев, сала проректорлары мен декандар, медиаорталық қызметкерлері қатысты.
Келісім шартта филиалға білімгер қабылдау тәртібі мен шарттары, олардың оқу үлгеріміне сай ауысу шарттары, филиалды басқару формасы, қаржыландыру тетіктері, инфрақұрылымын қамтамасыз ету, қызметкер алу және диплом беру сияқты негізгі мәселелер қамтылған. ҚР заңнамасына сай кейбір ережелер мен регламенттер қосымша дайындалуда.
— Осында болған екі күннің ішінде Сіздердің таза ықылас-пейілдеріңізді шынайы жүздеріңізден сезініп қуанып жатырмыз. Бұл ықылас біздің ортақ ісімізге оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Бүгінгі меморандум алдағы жетістіктерге бастайтын игі қадам болсын, —деді Гази университетінің ректоры, проф.др Угур Үнал.
Ал, Басқарма басшысы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұрбайұлы екі ел Президентінің қолдауымен бастау алған ауқымды тірліктің болашағы зор болатынына сенім білдіріп,бұл бағыттағы жоспарлар тиянақталып жатқанын жеткізді.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
13 Қараша 2026, 17:57
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
13 Қараша 2026, 16:18
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
13 Қараша 2026, 16:10
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
13 Қараша 2026, 16:03
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
13 Қараша 2026, 14:56
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
12 Қараша 2026, 19:23
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
12 Қараша 2026, 14:12
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
11 Қараша 2026, 16:50
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!
11 Қараша 2026, 12:08
«КӘСІБИ ОРТАДАҒЫ ТИІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ ӨТТІ
11 Қараша 2026, 09:40