ZHANIBEKOV UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ODTU TEKNOKENT ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
ZHANIBEKOV UNIVERSITY делегациясы бүгін Анкарадағы ғылыми технопарк жұмыстарымен танысу әрі тиімді отандық модель қалыптастыру мақсатындағы кездесулерді жалғастырды. Бұл тұрғыда, Түркияның ең алғашқы 2001 жылы құрылған технопаркі, 13000 ғылыми зерттеу қызметкері, 400 ден аса r&d компаниясы бар, 170 мың шаршы метр алаңда орналасқан, 400 млрд ақш доллары технологиялық өнімі бар- ODTU Teknokent жұмысымен танысты.
Технопарктің бас директор орынбасары
Идил Бусе Көк технопарк және университет бірлесуінен туындаған инновациялық
экожүйедегі ерекшеліктер, оның ғалымдар мен жас бастамашылдарға ұсынатын
мүмкіндіктері, түрді қолдау тетіктері және сәтті аяқталған түрлі тәжірибелер
туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, METUStars, game development acceleration,
Түркия Білім министрлігінің қолдауымен EdTech компаниялары, ODTU Teknokent
investment fund, Ғарышқа қатысты арнайы технопарк құру бағдарламалары секілді
ерекше жобаларымен бөлісті.
Кездесу соңында, оқу ордамыз аясында
инновациялық технопарк құру барысында модель ұйым болу үшін келісім жасалды.
Түркияда 2001 жылы Технологияны дамыту аймақтары туралы арнайы заң қабылданған. Қазіргі таңда, нақты жұмыс істейтін 93 технопарк бар. Оның ерекшелігі — университеттер жанынан құрылып, барлық компаниялар өз зерттеулерін ғалымдардың сараптамасы нәтижесінде жүргізеді.


Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!