ZHANIBEKOV UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ NÖROM ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНДА
ZHANIBEKOV UNIVERSITY ресми делегациясының кезекті кездесуі NÖROM (Neuroscience and Neurotechnology Center of Excellence) ғылыми зерттеу орталығында жалғасын тапты.
Аталған орталық Түркиядағы Гази, Анкара және Таяу шығыс техникалық университеттерінің бірлесе ашқан алғашқы әрі жалғыз заманауи ғылыми зерттеу мекемесі. Орталық адам миының қабілет-қасиетін, ағзадағы әрекет пен қозғалыс ерекшеліктерін, жаратылыс артықшылықтарын, білім беру мен үйретудегі заманауи әдістер аналитикасы мен жетілдірілуі, түрлі деңгейдегі клиникалық әрі фармацевтикалық зерттеулер, балалардағы даму және әрекет, ісқимыл, мінез-құлық бұзылыстарының терең зерттелуі секілді бірнеше маңызды бағыттарды қамтиды.
Түркиядағы үш жетекші әрі зерттеу университеттерінің ғалымдары бірлесіп, өзара әрекеттесе әрі көпсалалы зерттеу жүргізу жолға қойылған. Оқу ордамыздың ғалымдарының ұсыныстары мен түрлі бастамаларын офрекорд талқылауға мүмкін болды. Орталық артықшылық орталығы ретінде ғалымдар мен білімгерлерге жетекші ұйым болуға келісім жасалды.


Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!