«БОЛАШАҚ» ПІКІРСАЙЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ
Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев Жастармен жұмыс
бөлімінің жанынан құрылған «Болашақ» пікірсайыс орталығының белсенділерімен
кездесті.
Кездесу барысында жастардың дебат
мәдениетіне қосар үлесі, пікірсайыстың тұлға қалыптастырудағы рөлі, жасанды
интеллект, тарихи сананы жаңғырту туралы ашық пікір алмасты. Университет
басшылығы жастар бастамаларын қолдайтынын, пікірсайыстың сыни ойлауды
дамытудағы маңызын ерекше атап өтті. Бұл — болашақ көшбасшылардың үлкен
баспалдаққа қадам басуы!
«Болашақ» пікірсайысшылары қазан айында
айтулы жетістіктерге қол жеткізіп, университет абыройын асқақтатып келеді. Атап
өткенде, Шымкент қаласындағы қалалық пікірсайыс турнирінде I орын және II орын,
Тараз қаласында өткен «Сәкен мұрасы» атты Республикалық пікірсайыс турнирінде I
орын және III орын, Шымкенттегі «Терең тарихтан – жарқын болашаққа» атты
республикалық пікірсайыс турнирінде АПФ форматы бойынша III орын, ал ЛД форматы
бойынша «Ең үздік спикер», «Үздік кейс» арнайы номинациясын жеңіп алды.
Бұл – «Болашақ» пікірсайыс орталығының болашағы зор екенін дәлелдейтін нәтижелер. Жастардың әр жеңісі – университет абыройын асқақтататын қадам.


Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!