«КҮМІС» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАҢА ОҚУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
14 Қараша 2025, 12:34
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да «Күміс университеті» жобасының кезекті оқу кезеңі басталды. Биыл «Компьютерлік және цифрлық сауаттылық» курсына 30 тыңдаушы қабылданып, олар Жәнібеков университетінде заманауи білім алуға мүмкіндік алып отыр. Бұл жоба – қоғамдағы белсенді ұзақ өмір сүру идеясын қолдайтын, егде жастағы азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған игі бастама.
Сабақты білікті де тәжірибелі маман – Ләззат Байырбекова жүргізуде. Оқыту процесі аптасына 3 рет, әр жолы 2 сабақтан өткізіліп, тыңдаушылардың жаңа ақпаратты жүйелі меңгеруіне толық жағдай жасалған. Курс барысында қатысушылар компьютердің негізгі құрылғылары мен бағдарламаларымен жұмыс істеуді, мәтін теру, құжат сақтау, файлдармен жұмыс істеу дағдыларын, интернетті тиімді әрі қауіпсіз пайдалануды, eGov, e-Salyq, Kaspi, Homebank секілді электронды қызметтерді қолдануды үйренеді. Сондай-ақ, смартфон мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануды, жасанды интеллект құралдарын күнделікті өмірде қолдану жолдарын меңгеретін болады.
Тыңдаушылардың белсенділігі жоғары, жаңа технологияларды үйренуге деген ынтасы ерекше. Әр сабақта олар өзара пікір алмасып, практикалық тапсырмаларды орындау арқылы жаңа дағдыларды игеруде. «Күміс» университетінің бұл курсы – аға буын өкілдерінің цифрлық ортада еркін әрекет етуіне, заманауи қоғам талаптарына бейімделуіне мүмкіндік береді. Университетіміз осындай әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолдауды әрі қарай да жалғастыра береді.



Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
13 Қараша 2026, 17:57
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
13 Қараша 2026, 16:18
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
13 Қараша 2026, 16:10
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
13 Қараша 2026, 16:03
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
13 Қараша 2026, 14:56
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
12 Қараша 2026, 19:23
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
12 Қараша 2026, 14:12
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
11 Қараша 2026, 16:50
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!
11 Қараша 2026, 12:08
«КӘСІБИ ОРТАДАҒЫ ТИІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ ӨТТІ
11 Қараша 2026, 09:40