ҰСТАЗ, ҒАЛЫМ ГҮЛЖАН СҮГІРБАЕВАНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ 35 ЖЫЛ
ZHANIBEKOV UNIVERSITY-де «Қазақстан халқының көпэтностық құрамы: тарихы мен қазіргі кезеңі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ауқымды шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және ұстаз, ғалым, ардагер Гүлжан Сүгірбаеваның ғылыми-педагогикалық қызметіне 35 жыл толуына арналды.
Кеңейтілген мәжілісті Шымкент қаласы
әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек құттықтау сөзбен ашты. Модератор,
университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев, ҚР Ғылым
және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова, Мемлекет және қоғам қайраткері, экономика
ғылымдарының докторы, профессор, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Директорлар кеңесінің төрағасы Оразалы Сәбден,
Түркиядағы Гази университетінің ректоры, профессор Угур Үнал, тағы басқалар
жиын тақырыбының маңыздылығына тоқталып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университеті Азиялық зерттеулер институтының директоры, тарих ғылымдарының
докторы, профессор Герман Николаевич Ким, Қазақстан халқы Ассамблеясының
мүшесі, саяси ғылымдар докторы, профессор, Мемлекет тарихы институтының Саяси
бөлім басшысы Венера Жексембекова, Өзбекстандағы Ташкент мемлекеттік Шығыстану
университетінің профессоры Әлішер Дониерев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан
тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлнар
Қозғамбаева, тағы басқалар түрлі тақырыптарда баяндама жасады. Ғалымдар
Қазақстанда біртұтас ұлт қалыптастыру теориясы мен практикасының өзекті
мәселелерін, білім беру мен мәдени жобалар арқылы жастар арасында этносаралық
келісім мен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру, көрші елдердің этнос
өкілдерімен тату, полиэтносты қоғам қалыптастырудың эволюциясын, Оңтүстік
Қазақстандағы депортацияланған Солтүстік Кавказ халықтарының өмірі мен еңбегін,
«Мәжбүрлі қоныс аударылған халықтардың екінші және үшінші буындағы бейімделуін
2024-2025 жылдардағы әлем әдебиетіне шолу жасай отырып және архив деректері
негізінде баяндады.
Гүлжан Дәулетбекқызының өткен ғасырдың 90 жылдарынан бастау алған ғылыми зерттеу жұмысы еліміздегі этностардың тарихи тағдыры мен мәдени даму процесін ғылыми тұрғыдан зерделеуге арналған. Ғалымның ғылыми-педагогикалық және қоғамдық қызметі осы тұрғыда Қазақстан халқы Ассамблеясы мақсатымен тікелей үндесіп, этностар арасындағы татулық пен рухани сабақтастықты терең түсіндіруге бағытталған. Ал, университет ректоры қызметін атқарған кезеңдегі кәсіби біліктілігі оқу орнының дамуына зор үлес қосты.



Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!