Zhanibekov university logo

УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ФИЛОСОФИЯ PhD ДОКТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

27 Қараша 2025, 11:07
Медиа Орталық


 ZHANIBEKOV UNIVERSITY докторанттары Майра Бедебаева мен Венера Нахыпова жақында «Информатика педагогін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертациясын сәтті қорғап, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін иеленген еді. Осыған орай ғалымдарды Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев қабылдады.

 

Әлібек Нұрбайұлы ізденіс жолындағы зерттеушілерді жаңа жетістігімен құттықтап, алдағы ғылым сапарына сәттілік тіледі. Кездесу барысында ол докторанттардың оқу орнының ғылыми әлеуетін арттыруға қосқан үлесін жоғары бағалап, болашақта да ғылым мен білім саласында табысты еңбек ете берулеріне тілектестік білдірді.

 

Майра Бедебаева мен Венера Нахыпованың зерттеулері информатика педагогикасы саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Докторанттар да өз кезегінде университет басшылығына, ғылыми жетекшілері мен оқытушылар құрамына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Олар ғылыми зерттеулерін әрі қарай жалғастырып, оқу үдерісіне заманауи цифрлық технологияларды енгізу, информатика педагогтерін даярлаудың жаңа тәсілдерін дамыту бағытындағы ізденістерін жалғастыра беретінін атап өтті. Бұл оқиға білім ордасының ғылымға, жас зерттеушілерді қолдауға және инновациялық идеяларды дамытуға деген ұмтылысының жарқын дәлелі болып табылады.

 

Жас PhD иегерлеріне алғыс хаттар табысталып, алдағы ғылыми жобалар мен халықаралық конференцияларға қатысу, бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері талқыланды. Кездесу соңында естелік суретке түсіп, жаңа ғылыми белестерге бағытталған жоспарлар айтылды.


 

Осыған ұқсас

ЕЛ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН ТӘУЕЛСІЗДІК

ЕЛ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН ТӘУЕЛСІЗДІК

15 Желтоқсан 2025, 17:29
ВЕНГРИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ, ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ ДАВИД ЛОРАНТ ДЕНЕШТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ВЕНГРИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ, ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ ДАВИД ЛОРАНТ ДЕНЕШТІ ҚАБЫЛДАДЫ

9 Желтоқсан 2025, 16:25
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

8 Желтоқсан 2025, 17:32
«АШЫҚ СЕМИНАР САБАҚ» ФОРМАТЫНДА ДӘРІС ОҚЫДЫ

«АШЫҚ СЕМИНАР САБАҚ» ФОРМАТЫНДА ДӘРІС ОҚЫДЫ

8 Желтоқсан 2025, 11:42
Болашақ түлектерге мамандық таңдау үшін кәсіптік бағдар беруге арналған “Бүгінгі мектеп түлегі — ертеңгі елдің жүрегі” атты ашық есік күні

Болашақ түлектерге мамандық таңдау үшін кәсіптік бағдар беруге арналған “Бүгінгі мектеп түлегі — ертеңгі елдің жүрегі” атты ашық есік күні

8 Желтоқсан 2025, 10:35
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНА

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНА

5 Желтоқсан 2025, 14:50
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ КУРСЫН АЯҚТАДЫ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ КУРСЫН АЯҚТАДЫ

3 Желтоқсан 2025, 10:53
ШЕТЕЛДІК ПРОФЕССОРМЕН ДИАЛОГ ФОРМАТЫНДА АШЫҚ ПІКІР АЛМАСТЫ

ШЕТЕЛДІК ПРОФЕССОРМЕН ДИАЛОГ ФОРМАТЫНДА АШЫҚ ПІКІР АЛМАСТЫ

2 Желтоқсан 2025, 11:14
ӨЗБЕКСТАНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

ӨЗБЕКСТАНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

2 Желтоқсан 2025, 09:56
«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТРЕНДТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТРЕНДТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

27 Қараша 2025, 13:05