Zhanibekov university logo

«ЖАРҚЫРА, СТУДЕНТ!» АПТАЛЫҒЫНЫҢ МАРАПАТТАУ КЕШІ ӨТТІ

26 Қараша 2025, 13:09
Медиа Орталық

ZHANIBEKOV UNIVERSITY-де студенттер апталығын қорытындылауға арналған салтанатты шара өтті. Жастарды құттықтау жиынына университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев қатысты.

 

— Студенттер апталығы сіздермен жақыннан танысуға мүмкіндік берді. Таланттарыңызды көріп тәнті болдық, ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдадық. Университеттің қоғамдық-мәдени өміріне белсене араласып жүрген барлығыңызға алғыс білдіремін. Сіздердің араларыңыздан еліміздің дамуына еңбек сіңіретін жастар өсіп келе жатыр деп сенім білдіреміз. Алдағы өмірлеріңізге тек жарқын болашақ тілеймін! — деген Әлібек Нұрбайұлы оқу-білім мен қоғамдық жұмыста, өнер мен спортта белсенді студенттерді Алғыс хатпен марапаттады.

 

Марапатталғандар арасында республика, әлем чемпионы атанып жүрген мақтаныштарымыз бар. Ұлттық спортымызды ұлықтап жүрген шабандоз қыз Балнұр Нұран, құсбегі Ерасыл Есболат, каратэші Камилжон Кәрімтаев, халықаралық жобалардың қатысушысы Аяулым Қанжаралы, тағы басқа 50-ден астам студент бар. Олардың әрқайсысы өз саласының көшбасшысы деуге лайық жастар.

 

Бұдан кейін Басқарма мүшесі — Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Бауыржан Жансерікұлының Алғыс хатын табыстады. Ал, тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Қайрат Анарбаев Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Нұркен Әлімқұловтың Алғыс хатын тапсырды. Сондай-ақ, филология факультетінің студенттері Әл-Фараби атындағы қалалық-ғылыми әмбебап кітапханасының директоры Анар Жаппарқұлованың Алғыс хатымен марапатталса, «Қазақстан студенттер Альянсы» республикалық студенттер қозғалысы төрағасы Ұлан Наукеннің Алғыс хаты қоғамда белсенді жастарға берілді.

 

Жастардың көңіліне шуақ, бойына қуат берген шараны осы салаға жылымық леп әкеліп жүрген, университеттің Жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Нұргерім Нұрлан ұйымдастырды.

 

Осыған ұқсас

ЕЛ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН ТӘУЕЛСІЗДІК

ЕЛ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН ТӘУЕЛСІЗДІК

15 Желтоқсан 2025, 17:29
ВЕНГРИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ, ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ ДАВИД ЛОРАНТ ДЕНЕШТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ВЕНГРИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ, ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ ДАВИД ЛОРАНТ ДЕНЕШТІ ҚАБЫЛДАДЫ

9 Желтоқсан 2025, 16:25
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

8 Желтоқсан 2025, 17:32
«АШЫҚ СЕМИНАР САБАҚ» ФОРМАТЫНДА ДӘРІС ОҚЫДЫ

«АШЫҚ СЕМИНАР САБАҚ» ФОРМАТЫНДА ДӘРІС ОҚЫДЫ

8 Желтоқсан 2025, 11:42
Болашақ түлектерге мамандық таңдау үшін кәсіптік бағдар беруге арналған “Бүгінгі мектеп түлегі — ертеңгі елдің жүрегі” атты ашық есік күні

Болашақ түлектерге мамандық таңдау үшін кәсіптік бағдар беруге арналған “Бүгінгі мектеп түлегі — ертеңгі елдің жүрегі” атты ашық есік күні

8 Желтоқсан 2025, 10:35
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНА

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНА

5 Желтоқсан 2025, 14:50
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ КУРСЫН АЯҚТАДЫ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ КУРСЫН АЯҚТАДЫ

3 Желтоқсан 2025, 10:53
ШЕТЕЛДІК ПРОФЕССОРМЕН ДИАЛОГ ФОРМАТЫНДА АШЫҚ ПІКІР АЛМАСТЫ

ШЕТЕЛДІК ПРОФЕССОРМЕН ДИАЛОГ ФОРМАТЫНДА АШЫҚ ПІКІР АЛМАСТЫ

2 Желтоқсан 2025, 11:14
ӨЗБЕКСТАНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

ӨЗБЕКСТАНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

2 Желтоқсан 2025, 09:56
«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТРЕНДТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТРЕНДТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

27 Қараша 2025, 13:05