ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН КЕЛГЕН ШЕТЕЛДІК ПРОФЕССОРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
ZHANIBEKOV UNIVERSITY Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек
Нұртаев академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келген шетелдік профессорды
қабылдады. Профессор — Оңтүстік Африканың
Йоханнесбург қаласы, ОА Білім беру саласының докторы, PhD Энтони Браун.
— Бізге Батыс елдерімен әріптестік қарым-қатынаста болу жаңалық емес. Ал, Шығыс елінің академиялық қақпасын ашу мен үшін
үлкен мәртебе әрі таңсық жағдай болып отыр. Ол үшін университеттің Психология
кафедрасының доцент міндетін атқарушы, педагогика ғылымдарының кандидаты Ардақ
Әліпбекке алғыс білдіремін. Ардақ ханыммен кезекті халықаралық конференцияда
танысуымыз екі ел арасындағы академиялық әріптестік байланысқа ұласуда.
Байқағаным, инклюзивті салада балаларды оқыту бізде тек ағылшын тілінде жүзеге
асса, сіздерде бұл көптілде жүргізіледі екен. Бұл да біз үшін зерттелмеген
тақырып, — деді профессор.
Энтони Браун психикасында эмоционалды мінез-құлық бұзылыстары бар балаларды
оқыту бойынша мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігі бағытындағы маман. «Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту бағытына біздің
университетте айтарлықтай қолдау бар. Оқыту бағдарламасын тереңдету бойынша
шетелдік профессордың тәжірибесін кеңінен пайдалану қажет» деді Әлібек
Нұрбайұлы. Сондай-ақ, кафедра меңгерушісі мен жауаптыларға алдағы жылдың қаржы
жоспарындағы салаға қажетті материалдық-техникалық қажеттіліктерді қамтуда
шетелдік профессордың да пікірін ескеруді тапсырды.
Шетелдік ғалым-профессор "Педагогика және психология" білім беру бағдарламасының студенттеріне "Психология", "Педагогикалық психология", "Әлеуметтік психология" пәндерінен, ал "Білім беру бағыты" бойынша магистранттарға "Scientific research methods" пәні бойынша дәріс, семинар сабақтарын сабақ кестесіне сай кафедраның доцент м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты Ардақ Зәуірбекқызы Әліпбекпен бірге өткізуде.


Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!