ШЕТЕЛДІК ПРОФЕССОРМЕН ДИАЛОГ ФОРМАТЫНДА АШЫҚ ПІКІР АЛМАСТЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да магистранттар мен докторанттарға арналған ерекше кездесу өтті. Білім беру мәселелері тақырыбында Оңтүстік Африка Университетінің PhD, профессоры Энтони Браун мен университеттің Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректоры Керімбеков Ержан Рахымжанұлы арасында диалог форматында ашық пікір алмасты. Бұл кездесуде білім саласына қатысты өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.
Білім берудегі сапа мен стандарттар: Қазіргі заман талаптарына сай келетін
білім беру сапасын қалай қамтамасыз етуге болады? Халықаралық стандарттарды енгізу жолдары., сондай-ақ,
академиялық еркіндік, оқытушылар мен білім алушылардың еркіндігі мен
жауапкершілігі, шығармашылық бастамаларды қолдау мәселелері сұхбатқа арқау
болды.
Шетелдік ғалым АІ (Жасанды интеллект) қолданудың шегі, білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні тиімді және этикалық тұрғыда қолданудың шекарасы қандай болуы керектігін, «үздік мұғалім» деген кім, оны қалай даярлаймыз деген сұрақтарға жауап берді. Білім беруді дамытудың ұлттық стратегиясы мен басымдықтары да диалогта өрбіді. Профессор Браунның халықаралық тәжірибесі мен проректор Ержан Керімбековтің тұлғалық және кәсіби көзқарасы болашақ ғалымдарға шабыт берген пайдалы кездесу болды.


Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!