ВЕНГРИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ, ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ ДАВИД ЛОРАНТ ДЕНЕШТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-ға Венгрия ауыл шаруашылығы және жаратылыстану ғылымдары университетінің профессоры, ғылым докторы Давид Лорант Денеш арнайы шақырылды. Ғалымды университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев қабылдады.
Профессор Давид Лорант Денеш – географ,
геология, геоморфология негіздері, географиялық зерттеу әдістері, экологиялық
менеджмент, тұрақты ауыл шаруашылығы және табиғи ресурстарды басқару
саласындағы жетекші халықаралық мамандардың бірі. Оның ғылыми еңбектері әлемнің
беделді журналдарында жарияланып, география ғылымының дамуына айтарлықтай үлес
қосып келеді. Атап айтсақ, Scopus, тағы басқа мәліметтер базасының
журналдарында 198 еңбектің авторы болып табылады.
Шетелден шақырылған профессор «География» кафедрасының білім алушылары мен жас зерттеушілеріне дәріс оқып, ғылыми семинар өткізуде. Сапар аясында ғалым кафедра оқытушыларымен бірлескен зерттеу жобаларын талқылап, академиялық әріптестікті нығайту мақсатындағы кездесулер өткізуде. Бұл ынтымақтастық университетіміздің халықаралық ғылыми байланыстарын кеңейтіп, студенттер мен жас ғалымдар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!