СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ZHANIBEKOV UNIVERSITY-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған кездесу өтті. Шараға жас мемлекеттік қызметшілер мен бітіруші курс студенттері қатысып, адалдық пен жауапкершілік қағидаларымен танысты.
Кездесудің арнайы қонағы – мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлттық құрылтай
мүшесі Әлихан Бәйменов жастарға өзінің өмірлік жолы мен мемлекеттік қызметтегі
мол тәжірибесі туралы кеңінен айтып берді. Ол адал қызмет етудің маңыздылығын атап өтіп, студенттердің сұрақтарына
жауап берді. Университетке естелік ретінде тоғызқұмалақ тақтасын сыйға тартты.
Шараны Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары
Әлжан Аружан жүргізді. Ал университет Басқарма төрағасы –
ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзектілігіне тоқталды.
Кездесу студенттер үшін мазмұнды әрі пайдалы өтті. Айта кетелік, ZHANIBEKOV UNIVERSITY жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған мұндай шараларды жиі өткізіп, комплеанс-офицердің қатысуымен академиялық адалдық қағидаттарын түсіндіріп тұрады.


Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!