АЗИЯНЫҢ КҮМІСІ, ӘЛЕМНІҢ АЛТЫНЫ — ОҚПУ-да!
ZHANIBEKOV UNIVERSITY Денешынықтыру және спорт факультетінің студенті Бексұлтан Құлмырза жақында Бразилияның Сан-Пауло қаласында өткен IBSA Judo Sao Paulo Grand Prix әлемдік деңгейдегі жарысында бас жүлдені жеңіп алды! Бұл жарқын жеңіс — 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін 34-ші Жазғы Олимпияда (Паралимпиада) ойындарына жол ашатын алғашқы маңызды қадамдардың бірі.
Бүгін чемпионды университет Басқарма
төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев қабылдап, құттықтады. «Біздің
университет бұған дейін талай чемпиондарды баптап, спортшылар шеберханасы
атанған орда. Араға уақыт салып біз оқу орнымыздың осы беделін нығайтуға күш
салуымыз керек» деген Әлібек Нұрбайұлы спортшыға өмірде де жарқын сәттерінің
көп болуын тіледі.
Айта кетелік, Бексұлтан бұған дейін де қараша айында Астана қаласында өткен Пара дзюдо бойынша Азия чемпионатында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, ІІ орынды иеленген еді. Университет ұжымы да чемпионды зор жетістігімен құттықтай отырып, алдағы халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғайтынына сенім білдіреді.


Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!