AI+SCHOOL+UNIVERSITY: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ
Қысқы мектеп бағдарламасы аясында
университеттің барлық факультет оқытушыларына арналған мазмұнды дәрістер мен
тәжірибелік сессиялар қорытындылануда. Бүгінгі шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент
қаласы бойынша кәсіби даму институтының директоры мен тренерлері, сондай-ақ
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибелі мұғалімдері спикер ретінде
қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарда құндылықтарға негізделген
білім беру, оқытушы рөлінің лектордан фасилитаторға дейінгі трансформациясы,
сабақ пен тренинг жүргізудің тиімді тәсілдері, функционалдық сауаттылық
тапсырмаларын пән мазмұнына кіріктіру мәселелері кеңінен қарастырылды. Сонымен
қатар, АКТ мен жасанды интеллект құралдарын сабақта тиімді қолдану жолдары
талқыланды.
Академиялық істер департаментінің
қызметкерлері оқу бағдарламасы (силлабус) мазмұнына жасанды интеллект
құралдарын кіріктіру, сондай-ақ қысқа мерзімді жоспарлауда шығармашылық пен
жүйеліліктің үйлесімін қалыптастыру жолдарына тоқталды.
Қысқы мектеп бағдарламасы педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, заманауи білім беру талаптарына сай тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналды. Іс-шара оқытушының жаңа кәсіби бейнесін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.


Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!