AI+SCHOOL+UNIVERSITY: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ
Университеттің профессор-оқытушылар құрамы үшін ұйымдастырылған «ai+school+university: педагогикалық білім берудің жаңа форматы» тақырыбындағы қысқы мектеп бағдарламасы мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған форматта жалғасын табуда. Іс-шараның ашылуында Басқарма мүшесі – академиялық істер жөніндегі проректор Ж. Жылбаев сөйлеп, қысқы мектептің мақсаты мен маңыздылығына тоқталды. Ол мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы сабақтастықты нығайтудың, педагогтардың кәсіби дамуын қолдаудың және оқу үдерісіне жасанды интеллект құралдарын тиімді кіріктірудің өзектілігін атап өтті.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – мектеп
пен жоғары оқу орны арасындағы сабақтастықты нығайту, педагогтардың кәсіби
құзыреттілігін арттыру, оқу үдерісіне заманауи педагогикалық тәсілдерді
кіріктіру арқылы оқытушының фасилитатор рөлін қалыптастыру және білім
алушылардың зерттеушілік, сыни ойлау, функционалдық сауаттылық дағдыларын
дамыту.
Семинар барысында Назарбаев зияткерлік
мектептерінің тәжірибелі мұғалімдері өздерінің озық педагогикалық
тәжірибелерімен бөлісіп, lesson study, clil стратегиялары, 5e зерттеу тәсілі,
сараланған оқыту, функционалдық сауаттылықты дамыту және белсенді оқыту жағдайындағы
мұғалімнің фасилитатор рөлі сияқты өзекті тақырыптар бойынша шеберлік
сабақтарын өткізді.
Іс-шара қатысушылары білім алушылардың зерттеушілік, сыни ойлау және дәлелдеу дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық әдістерді жоғары оқу орнындағы оқу процесіне бейімдеу жолдарын талқылады. Сонымен қатар жасанды интеллект құралдарын оқу процесінде қолданудың тиімді тетіктері қарастырылды. «Қысқы мектеп» педагогикалық қауымдастық үшін тәжірибе алмасуға арналған тиімді алаңға айналып, мектеп пен университет арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және білім беру сапасын арттыруға өз үлесін қосты.





Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!