ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫМЕН КЕЛІСІМ МЕМОРАНДУМЫ ЖАСАЛДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ мектеп
бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру мақсатында Түркістан облыстық білім
басқармасымен ынтымақтастық меморандумын жасады. Жақында университет Басқарма
төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев пен облыстық басқарма
басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Орынов келісім құжатына қол қойды.
Ынтымақтастық келісімі тараптар арасында
кәсіби бағдар беру, педагогикалық білім беру бағдарламаларын насихаттау,
университет түлектерін жұмысқа орналастыру, сондай-ақ оқу-әдістемелік, ғылыми
және тәрбиелік бағыттағы бірлескен іс-шараларды үйлестіруді қамтамасыз етуге
бағытталған. Алдағы уақытта қос тарап Түркістан облысының мектеп, лицей,
гимназия және колледж түлектері үшін ЖОО-ның білім беру әлеуетін, педагогикалық
білім беру бағдарламаларының артықшылықтарын, заманауи мүмкіндіктерін және
халықаралық байланыстарын жүйелі түрде таныстыруды бірлесе жүзеге асырады.
Келісім аясында сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен өтеу шаралары жүзеге аспақ. Меморандум кәсіби бағдар беру іс-шараларын офлайн және онлайн (Zoom, Cisco Webex, Google Meet) форматтарында өткізуге, түлектерді жұмыспен қамту мақсатында «Бос орындар жәрмеңкесін» бірлесе ұйымдастыруға бағытталған.


Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!