«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС-ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да «Мемлекеттік тілде іс-қағаз жүргізу» тақырыбында семинар өтті. Іс-шарада мемлекеттік тілдің ресми құжат айналымындағы орны, ісқағаздарын жүргізудің нормативтік-құқықтық негіздері кеңінен сөз болды.
Семинар барысында спикер, Шымкент қаласы
мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы «Тілдерді оқыту-әдістемелік
орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы Г.
Қалдыбаева «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының талаптарына
тоқталып, мемлекеттік тілдің басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және
ісқағаздарын жүргізу салаларында қолданылу ерекшеліктерін түсіндірді. Ресми
ісқағаз стилінің мақсаты, сипаты мен тілдік құралдары нақты мысалдар арқылы
көрсетілді.
Сонымен қатар, құжаттарды ресімдеуде
терминдерді дұрыс қолдану, Termincom.kz және Емле.kz сияқты электронды ресурстардың маңызы атап өтілді.
Құжаттарда сан есімдердің, даталардың жазылу тәртібі, шартты қысқартулар мен
күрделі атауларды біріздендіру талаптары жан-жақты түсіндірілді.
Семинар қатысушылары мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың бірыңғай қағидаларын сақтау кәсіби қарым-қатынастың тиімділігін арттыратынын атап өтті. Іс-шара мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтуге және ресми құжаттардың сапасын арттыруға бағытталған маңызды тәжірибелік алаң болды. Семинарды университет Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек жүргізіп, қорытындылады.




Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!