СТУДЕНТІМІЗ АЛУА ЖҰМАДІЛДА SHYMKENT OPEN-2026 ЖЕҢІМПАЗЫ
Шымкент қаласында, жеңіл атлетика
манежінде ҚР Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Саттар
Қуашбайдың жүлдесіне арналған каратэден Shymkent Open-2026 халықаралық турнирі
өтті. Биыл бұл жарыс – еліміздегі рейтингтік іріктеуден өтетін үш ірі турнирдің
бірі. Бұдан кейін Қарағандыда жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты және Орал
қаласында өтетін Akzhayik Open турнирінің қорытындысы бойынша жалпы рейтинг
анықталады.
Осы рейтинг нәтижесінде үздік спортшылардан Ұлттық құрама жасақталып, олар күзде (қазан–қараша) өтетін кадеттер, жасөспірімдер мен жастар арасындағы Әлем және Азия чемпионаттарында ел намысын қорғайды. Аталған халықаралық турнирде Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің дене шынықтыру және спорт факультетінің студенті Жұмаділда Алуа жоғары нәтиже көрсетіп, 1 орын иеленді. Shymkent Open-2026 турниріне 3 мемлекеттен, 4 жас санаты бойынша 900-ге жуық каратэші қатысып, өз мәресіне жетті.

Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!