ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕ КАФЕДРА ФИЛИАЛДАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма мүшесі–Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ж.Жылбаев Шымкент қаласындағы №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаты базасында орналасқан Физика кафедрасы филиалының жұмысымен танысты.
Кездесу барысында кафедра филиалының оқу-әдістемелік және практикалық қызметі, мектеп пен университет арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы, практикаға бағдарланған оқытуды дамытуға бағытталған бірлескен жобалар мен алдағы жоспарлар туралы мектеп-интернат директоры Сапарғали Сауранбаев және мектеп ұжымындағы университет түлектері Ағабек Жандос, Жұмағали Ажар, Эрмакан Нұршат, Анарбекова Сара талқылады.
— Мектеп пен университет арасындағы тығыз әрі жүйелі өзара іс-қимыл бәсекеге қабілетті педагог кадрларды даярлаудың негізгі тетігі. Қазіргі таңда практикаға бағдарланған оқыту, дуальды білім беру және «Өмір бойы білім алу» қағидаттары Қазақстандағы білім беру саясатының басым бағыттары болып отыр. Университет пен мектептің бірлескен жұмысы білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін нақты білім беру ортасында қалыптастыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде еңбек нарығына бейімделген, заманауи талаптарға жауап беретін түлектер даярлауға жол ашылады, - дейді Жанбол Октябрьұлы.
Ал, Академиялық істер департаментінің директоры Д.Бердалиев мектеппен қалыптасқан көпжылдық ынтымақтастықтың нәтижелі екенін атап өтіп, бірлескен жұмыс аясында оқушыларды ғылыми жобаларға және пәндік олимпиадаларға жүйелі түрде даярлау жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл бағыттағы жұмыстар оқушылардың зерттеушілік әлеуетін арттырып, жоғары оқу орнына ерте бейімделуге мүмкіндік беретінін атап өтті.Физика кафедрасының меңгерушісі Бекзат Әбдіқадыр бұл білім ордасымен өз байланысының студенттік кезінен басталғанын атап өтіп, аталған мектеп базасында практикадан өткенін еске алды. Бүгінде сол тәжірибенің жалғасы ретінде оқушылармен жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстардың нәтижелі екеніне тоқталды, сондай-ақ мұндай сабақтастық кәсіби дамудың маңызды факторы екенін атап өтті. Ал, мектеп директоры Сапарғали Сауранбаевтың айтуынша, университетпен орнаған тығыз серіктестік нақты нәтижелер беруде екен. Оның айтуынша, ОҚПУ түлектерінің кәсіби құзыреттілігі жоғары, ал педагогикалық мамандықты таңдаған мектеп бітірушілерінің басым бөлігі саналы түрде Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ-ды таңдайды. Сондай-ақ, білім беру сапасын арттыруға бағытталған бірлескен жобалар мен бастамаларға әрдайым ашық екенін жеткізді.
Ынтымақтастық кездесу барысында мектеп оқушылары «Судың ерекше қасиеттерін молекулалық физика тұрғысынан зерттеу» және «Ғарыштағы радиациялық белдеулерді зерттейтін, радиациясын өлшейтін, жүретін робот» тақырыптарындағы ғылыми жобаларын презентациялады. Мұндай серіктестік формат болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін нақты білім беру ортасында қалыптастыруға, теориялық білімді практикалық тәжірибемен ұштастыруға және мектеп пен университет арасындағы өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Университет пен білім беру ұйымдарының тиімді әріптестігі – сапалы педагог кадр даярлаудың маңызды кепілі.
Осыған ұқсас
ZHANIBEKOV СТУДЕНТТЕРІ 100-ДЕН АСТАМ МЕКТЕПТЕ КӘСІПТІК ПРАКТИКАДАН ӨТЕДІ
Хабарландыру. 22.01.2026
СТУДЕНТІМІЗ АЛУА ЖҰМАДІЛДА SHYMKENT OPEN-2026 ЖЕҢІМПАЗЫ
Хабарландыру. 17.05.2024
«ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ» БИЫЛҒЫ МЫҚТЫЛАРЫ КІМ?
ТӘЛІМГЕР ҚЫЗМЕТІ: ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС-ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Хабарландыру 14.01.2026
ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНЕ — ЖАҢА ДАМУ БАҒДАРЫ