ZHANIBEKOV СТУДЕНТТЕРІ 100-ДЕН АСТАМ МЕКТЕПТЕ КӘСІПТІК ПРАКТИКАДАН ӨТЕДІ
ZHANIBEKOV UNIVERSITY 1, 2 және 4-курс білім алушылары кәсіптік практикадан өту үшін өңірдегі 100 астам мекемелерге (мектеп, бала-бақша, орталықтар және т.б.) жіберілді. Кәсіптік практика — кәсіби қалыптасудың маңызды кезеңі. Осыған орай кәсіптік практиканың басталуы қарсаңында факультет және кафедра деңгейлерінде орнықтыру конференциялары өткізілді.
Конференция барысында кәсіптік практиканың мақсаты мен міндеттері түсіндіріліп, білім алушылардың құқықтары мен жауапкершілігі нақтыланды. Практика базаларындағы оқу-тәрбие процесіне бейімделу жолдары қарастырылып, қауіпсіздік техникасы мен ішкі тәртіп ережелері таныстырылды.
Көктемгі семестрдегі оқу практикасында барлық білім беру бағдарламаларының 1-курсындағы 2873 білім алушы ұстаздық мамандыққа деген тұрақты қызығушылығы мен оң кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында 2 апталық оқу практикасын университет қабырғасында өтеді. Ал, психологиялық-педагогикалық практикада 2000-ға жуық 2-курс білім алушы академиялық оқумен қатар 15 апта бойы психологиялық-педагогикалық практикадан өтеді. Бұл білім алушыларға теорияны практикамен ұштастыра отырып, білім беру процесіндегі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді терең түсінуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, университеттің бітіруші курсындағы 1953 білім алушы нақты іс-әрекет жағдайында кәсіби қызметін апробациялауға бағытталған 2,5 айлық педагогикалық практикадан өтеді. Ал, өндірістік практика білім алушылардың теориялық білімін нақты кәсіби ортада бекітуге, болашақ мамандықтың мазмұнын терең меңгеруге бағытталған оқу процесінің маңызды кезеңі болып табылады.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!