ҚЫТАЙДЫҢ ХЭНАНЬ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қытайдың Хэнань педагогикалық университетінде «Бір белдеу, бір жол» халықаралық бағдарламасы аясында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қазақстан, Қытай, Ресей елдері ынтымақтастығы аясында өткен ауқымды шараға Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ филoлогия ғылымдарының докторы, профессор Наталья Дмитрюк қатысты.
Халықаралық жиында түрлі оқу орындары өкілдері ғылыми әріптестік аясындағы келісімге қол қойды. Үш күнге жалғасқан конференцияда Синьсяңь, Челябі, Шымкент қалаларының ғалымдары мен оқытушылары қатысқан секциялық мәжілістер өтті. Мәжілісте мәдениетаралық күрделі мәселелер, шет тілін оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, аударма ісіндегі қиындықтар талқыланды.
Үш елдің түрлі қалаларынан 200-ге жуық адам қатысқан конференция барысында студенттер мен магистранттармен кездесулер болды. Білімгерлер әр елдің білім беру жүйесіндегі ерекшеліктер туралы пікір таластырды. Ал ресми кездесу барысында үшжақты келісім құжаттары рәсімделді.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!