ПРОФЕССОР ҚУАНДЫҚ ЕРАЛИН 75 ЖАСТА
Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да «Жаһандану кезеңіндегі бейнелеу өнері мен көркемдік білім беру мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шара университеттегі ғылым айы аясында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қуандық Ералыұлы Ералиннің 75 жылдық мерейтойына арналды.
Конференция аралас форматта (онлайн және офлайн) өтті. Ресей, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түркия секілді шет мемлекеттерден профессордың шәкірттері, ғылым докторлары мен белгілі ғалымдар онлайн байланыс арқылы қатысып, ғылыми баяндамалар жасады. Көркем өнердің білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен заманауи бағыттар талқыланды. Профессор-оқытушылар, білімгерлер белсене қатысқан шара қызу пікір-таласқа толы ғылыми алаңға айналды.
Өнер және білім факультеті, кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасы ұйымдастырған шараны декан Айдайқыз Байбатшаева, аға оқытушы, PhD философия докторы Жанар Саймбетова жүргізіп, қорытындылады.
Осыған ұқсас
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ (ТҮРКИЯ) ФИЛИАЛЫНА ТҮСУШІ ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!
Комплаенс офицер
Хабарландыру 08.07.2026
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ТҮЛЕКТЕРІ – 2026» ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ БАСТАЛДЫ
БОЛАШАҒЫҢЫЗДЫ БІЗБЕН БІРГЕ БАСТАҢЫЗ!
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ОҚЫТУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ
UPGRADE КӘСІБИ КУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ
«EDUCAMPSHYM» 10 КҮНДІК ОҚУ ЛАГЕРІНІҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
КЕЗЕКТІ АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ