Zhanibekov university logo

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

11 Наурыз 2026, 13:17
Медиа Орталық

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы-ректор м.а Әлібек Нұртаев бүгін университет докторанты Әлия Қарманованы қабылдап, диссертациялық зерттеуін сәтті қорғауымен құттықтады.

Кездесу барысында ректор жас зерттеушінің «Болашақ химия педагогтарының цифрлық технологиялар негізінде кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы ізденіс жұмысына тоқталды. Бүгінгі цифрландыру дәуірінде білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді қолдана алатын білікті педагогтарды даярлау – аса маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. Осы тұрғыда аталған зерттеу жұмысы болашақ химия мұғалімдерінің кәсіби дайындығын жаңа деңгейге көтеруге бағытталғаны айтылды.

Әлібек Нұрбайұлы университетте жас ғалымдарды қолдау мен ғылымды дамытуға ерекше мән берілетінін атап өтіп, докторанттың ғылыми ізденістеріне табыс тіледі. Сонымен қатар мұндай зерттеулер педагогикалық білім беру сапасын арттыруға және заманауи талаптарға сай білікті мамандар даярлауға зор үлес қосатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, жақында университет жанынан құрылған диссертациялық кеңесте 8D01504 – «Химия педагогін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша алғашқы докторлық диссертация қорғалды. Бұл – оқу орнының ғылыми әлеуетін нығайту және жас ғалымдарды қолдау бағытындағы маңызды қадам болып табылады.

Фото Береке Сейітжаппар