ҚОС МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған мазмұнды да тағылымды мерекелік концерт өтті. Салтанатты шара «Қазақстан» мәжіліс залына Мемлекеттік Тудың енгізілуімен және Әнұранның орындалуымен ашылды. Университеттің Басқарма төрағасы – Ректордың міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев құттықтау сөз сөйлеп, университеттің дамуына еңбек етіп жүрген азаматтарды марапаттады.
Концерттік бағдарлама барысында сахна төрінде студенттер мен оқытушылар патриоттық рухқа толы әндер шырқап, жүрекке жетерлік әсерлі қойылымдар ұсынды. «Елім деп соқсын жүрегің», «Мен қазақпын», «Қазақ жігіттері», «Елім менің» сынды шығармалар көрерменнің ерекше ықыласына бөленіп, ұлттық рухты асқақтатты. Жігіттерге домбырамен арнау айтылып, мазмұнды нөмірлер орындалды. «Ақбаян» сән театрының жаңа топтамасы мерекелік кештің көркемдік сәнін арттырды. Ұлттық нақыш пен заманауи стиль үйлесім тапқан бұл көрсетілім белгілі дизайнер М. Ерімбетовтің жаңа туындысы. Мәдениет бөлімі ұйымдастырған мерекелік іс-шара көрерменге ерекше әсер сыйлады.


Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!