ZHANIBEKOV UNIVERSITY PHD ДОКТОРЫ АҚШ-тың КАЛИФОРНИЯ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУДЕ
Zhanibekov University Қазақ тілі мен
әдебиеті кафедрасының доценті м.а., философия докторы (PhD) Ақбілек Мыңбаева
«Болашақ» бағдарламасы аясында Калифорния университетінде (Дэйвис, АҚШ) ғылыми
тағылымдамадан өтуде. Калифорния университеті (Дэйвис) ЖОО-лардың халықаралық
QS рейтінгінде 130-орында. Алдыңғы қатарлы ғылыми-зерттеу бағдарламаларымен,
ғылымға деген инновациялық көзқарастарымен танымал беделді жоғары оқу орны.
Ақбілек Мыңбаеваның зерттеулері жоғары
білім берудегі инновациялар мен тенденцияларға бағытталған. Ғалым қазіргі таңда
педагогикалық инновациялар, зерттеу дизайндарын дамыту және зерттеу нәтижелерін
оқу бағдарламаларына ендіру, онлайн білім беру әдіснамаларын жетілдіру
бағытындағы зерттеулермен қатар, Sustainable Development Goals, Academic
Literacy, Continued Research and Publishing курстарына да қатысып, тәжірибесін
шыңдауда.
Сондай-ақ, ғалым Стэнфорд
университетінде білім беру бағдарламаларындағы өзгерістер мен білім алушылардың
халықаралық деңгейдегі мүмкіндіктері туралы симпозиумға және Күрд әдебиетінің
қазіргі дамуы туралы халықаралық конференцияға қатысып, шетелдік ғалымдардың
тәжірибесіндегі маңызды жобалармен танысты. Калифорния университетінің ғалымдарымен
бірлесіп, фразеологиялық тіркестердің ағылшын-қазақ тіліндегі аудармалары және
мәні, жасанды интеллектіні білім беруде қолдану аясы туралы зерттеулер
жүргізіп, бірқатар мақалалар жариялады.
Ғалым тағылымдама барысында алған білімі
мен тәжірибесін отандық ғылым саласын дамытуда қолдануды, университеттің ғылыми
жетістіктерін арттыруға ықпал ететін жаңа бағдарламалар мен ғылыми жобаларды
әзірлеуге үлес қосуды жоспарлап отыр.
Осыған ұқсас
Хабарландыру 15.09.2026
МЕРИТОКРАТИЯ: БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС ӨТТІ
АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫМЕН БІРЛЕСКЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«ОТБАСЫ ҚҰРУҒА ДАЙЫНСЫҢ БА?» СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ – COURSERA ЖОБАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫ ҚАТАРЫНДА!
«КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» АЯСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРА ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮШІН СТУДЕНТТЕРДЕН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ
20 ЖАС ҒАЛЫМ РЕКТОР ГРАНТЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ