«РӘМІЗДЕР РУХЫ, АТА ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ — МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Құрмет» орденінің иегері, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Дария Қожамжаровамен «Рәміздер рухы, Ата заң үстемдігі — мықты мемлекет» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында мемлекеттік рәміздерге құрметті арттыру, Конституцияның қоғамдағы рөлі мен құқықтық мәдениетті насихаттау болды. Іс-шара барысында Дария Пернешқызы ел тәуелсіздігінің басты құндылықтары, ұлттық бірегейлік пен заң үстемдігінің маңызы туралы мазмұнды ой-пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, спикер мемлекет дамуының берік негізі – Конституция талаптарын сақтау мен елдік мүддеге адал қызмет ету екенін атап өтті. Студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кездесу жастарға патриоттық тәрбие беріп, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!