ZHANIBEKOV UNIVERSITY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫН КЕҢЕЙТУДЕ
Бүгін Астана қаласында Польшаның жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Adam Mickiewicz University Poznan өкілдерімен ресми кездесу өтті. Кездесуге Zhanibekov University Басқарма төрағасы – ректордың міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев және Ғылыми жұмыстар мен инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков қатысты. Кездесу аясында Zhanibekov University мен Adam Mickiewicz University Poznan арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат білім беру және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Тараптар 7М01504 – «Химия педагогін даярлау» және 7М01505 – «Биология педагогін даярлау» білім беру бағдарламалары бойынша қос дипломды бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылап, келісімге келді. Сонымен қатар, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, тағылымдамалар ұйымдастыру, ғылыми конференциялар мен симпозиумдар өткізу бағыттарында ынтымақтастық орнатуға келісті.
Меморандум Erasmus+ халықаралық бағдарламасы аясындағы жобаларға бірлесіп қатысуды, ғылыми жарияланымдар әзірлеуді, ғылыми материалдар мен тәжірибе алмасуды, сондай-ақ шетелдік профессорлар мен сарапшыларды дәрістер мен семинарларға тартуды көздейді. Кездесу барысында еліміздегі педагогикалық жоғары оқу орындарының консорциумын құру және қос дипломды білім беру бағдарламаларын дамыту мәселелері де талқыланды. Adam Mickiewicz University — Польшадағы жетекші зерттеу университеттерінің бірі. Университет Познань қаласында орналасқан және жоғары сапалы білім беруімен, халықаралық ынтымақтастықтағы белсенділігімен, сондай-ақ еуропалық ғылыми-білім беру жобаларына қатысуымен ерекшеленеді.

Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!