ТҮРКИЯНЫҢ ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФИЛИАЛЫНА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫ БАСТАЛДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де Түркияның беделді Гази университетінің филиалы талапкерлерді қабылдау науқанын бастады. 2026-2027 оқу жылына филиалға 100 мемлекеттік білім гранты бөлінді. Бұл бастама талапкерлер тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болып, 150-ге жуық талапкер оқуға түсуге ниет білдірген. Іріктеу халықаралық талаптарға сәйкес екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Алдымен талапкерлер жазбаша емтихан тапсырып, өздерінің теориялық дайындығы мен академиялық білім деңгейін дәлелдеді. Осы кезеңнен жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлер ғана келесі кезең —әңгімелесу емтиханына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Әңгімелесу барысында үміткерлердің кәсіби мотивациясы, педагогикалық ойлау қабілеті, көшбасшылық қасиеттері, болашақ мамандыққа деген көзқарасы жан-жақты бағаланады.
🔹Қабылдау емтихандарының әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз ету мақсатында емтихандарды Түркияның беделді Гази университетінен арнайы келген профессорлар қабылдауда. Бұл талапкерлердің білім деңгейін халықаралық талаптарға сай бағалауға мүмкіндік береді. Алғашқы емтиханның басталуына Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы-Ректор Қайрат Балабиев қатысып, талапкерлерге сәттілік тіледі.
🔹—Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде әлемнің жетекші оқу орындарының филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасы аясында, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асқан бұл жоба Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруге бағытталған маңызды бастама. Сондай-ақ, Қазақстан мен Түркия арасындағы академиялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, отандық педагогикалық білімнің сапасын арттыруға және халықаралық тәжірибені кеңінен енгізуге зор мүмкіндік береді. Біздің мақсат — қабылдау емтихандарын жоғары деңгейде, әділ әрі ашық ұйымдастырылуын бақылауға алып, талапкерлерге қолайлы жағдай жасау, —деді Қайрат Рахымұлы.
🔹Биыл ҰБТ-дан 111 балл жинаған түлек Жұмабек Гүлсезім Шымкент қаласындағы мектептердің бірін бітірген. Гүлсезім Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ жанынан ашылған Гази университетінде оқуды не үшін таңдағанын былай түсіндіреді. «Маған біріншіден, бұл университетте оқудың екі диплом беретін жүйесі, одан кейін шетелдік мамандардан дәріс алатынымыз ұнады. Емтихан барысында оқылым, тыңдалым бойынша түрлі сұрақтарға жауап бердік» дейді талапкер.
Осыған ұқсас
ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ (ТҮРКИЯ) ФИЛИАЛЫНА ТҮСУШІ ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!
Комплаенс офицер
Хабарландыру 08.07.2026
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ТҮЛЕКТЕРІ – 2026» ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ БАСТАЛДЫ
БОЛАШАҒЫҢЫЗДЫ БІЗБЕН БІРГЕ БАСТАҢЫЗ!
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ОҚЫТУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ
UPGRADE КӘСІБИ КУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ
«EDUCAMPSHYM» 10 КҮНДІК ОҚУ ЛАГЕРІНІҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
КЕЗЕКТІ АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ