АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫМЕН БІРЛЕСКЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Шымкент қаласында ардагерлер ұйымы мен университеттің бірлескен Академиялық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиынға университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Қайрат Балабиев қатысты. Кездесуге Шымкент қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Кенжехан Төлебаев, төраға орынбасары Асқар Жұмабайұлы, сондай-ақ Республикалық ұлттық құндылықтар академиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әбила Көздібайқызы қатысты.
Академиялық кеңестің құрамына университеттің бірқатар профессор-оқытушылары мен жауапты мамандары мүше болып енгізілді. Жиын барысында аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибесін білім беру және тәрбие үдерісіне тиімді пайдалану, жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, патриоттық тәрбие мен ұрпақтар сабақтастығын нығайту мәселелері талқыланды.
Қатысушылар білім ордасы мен ардагерлер ұйымы арасындағы байланысты одан әрі күшейтіп, бірлескен жобалар мен қоғамдық бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Бірлескен Академиялық кеңес – тәжірибелі ардагерлердің тағылымын жас ұрпаққа жеткізіп, білім мен тәрбиені ұлттық құндылықтармен ұштастыруға бағытталған маңызды алаң болмақ. Жиын қорытындысында алдағы кезеңге арналған бірқатар міндеттер айқындалып, өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар айтылды.
Similar
ZHANIBEKOV UNIVERSITY ADMITTED TO ACADEMIC INTEGRITY LEAGUE
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
FAIR OF ORGANIZATIONS AND CLUBS HELD
PROFESSOR FROM UNIVERSITI MALAYSIA SABAH DELIVERS LECTURE
HIGHER EDUCATION WORKERS HONORED
NEW STUDENT CANTEEN OPENS IN THE NEW BUILDING
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
HONORING WORKING PEOPLE
ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА АЛҒАШҚЫ САБАҚ БАСТАЛДЫ